Начать продавать на Satu.kz
Корзина
32 отзыва
+7 (705) 888-90-93
+7 (701) 555-03-16
Наличие документов
Знак Наличие документов означает, что компания загрузила свидетельство о государственной регистрации для подтверждения своего юридического статуса компании или индивидуального предпринимателя.
Корзина
Интернет-магазин игрушек Magic Toys

Дэни - әлем чемпионы

Дэни - әлем чемпионы

4 300 Тг.

  • В наличии
Дэни - әлем чемпионы
Дэни - әлем чемпионыВ наличии
4 300 Тг.
Купить
+7 (705) 888-90-93
Алматы
  • +7 (701) 555-03-16
    Нур-Султан
+7 (705) 888-90-93
Алматы
  • +7 (701) 555-03-16
    Нур-Султан

Руал Даһлдің балаларға арнап жазылған, әлем әдебиетінің жәуһарына айналған шығармаларын оқыған сайын оның тек балаларға арналған дегеніне күмәнім арта түседі. Дәни атты сүйкімді құлыншақ пен ақылды әкесінің қарапайым күнделікті тірлігінің тамаша хикаяларын әсем сипаттаған «Дәни әлем чемпионы» солардың бірегейі екені даусыз.
Төрт айлығында анасынан айрылған кішкентай ұлды жанармай бекетін жұмыстатып, басқаның автомашинасын жөндейтін әкесі бағып қағып ер жеткізеді. Сәбидің жаялығын ауыстырып, еміздікпен сүт бергеннен бастап, «анасы сәбиі үшін жасайтын басқа да мыңдаған тірліктің бәрін өзі істеді, әкем мойымады, анама деген махаббаты енді маған ауысты» дейді Дәни.
Ол екеуі шағын ғана ескі күйме де тіршілік ететін, артық дәулеттері жоқ, шағын үстелі, екі орындық, екі табақ, екі шанышқысы ғана бар.
Дәни уақытынан ерте есейген, ақылды бала. Оның балалық шағы автомашина жөндейтін шеберханада өтті, ойыншық орнына мотор бөлшектерімен, поршындармен, қырқар серперлермен айланысты. Онымен қатар дала шығатын, батпырауық, отты шар ұшыратын еркіндік бар. Ол бәрін өзі істей алады, шамасы келмесе әкесі көмектесетінін жақсы біледі. Арқасында тірегі әкесі барын ет жүрегімен сезінеді. Әке мен ұлдың арасындағы шынайы қатынас, бір біріне деген шексіз махаббаты бұл туындыда керемет айшықталған.
Дәннидің ұстазы әкесі. Әкесі ұлына білгенінің бәрін ұқтырады. Машинаның моторын бөлшектеу, қайта құрастыру, маңайдағы аң құс, тірі табиғат, өсімдік, жәндік туралы бәрі бәрін әкесінен естіген. Әкесі бар да басқа еш дүниенің керегі шамалы. «Бәрінен кереметі - дейді ол, мен ұйықтап жатқанда әкем жанымнан кетпей, ошақтың қасындағы орындығына келіп отыратыны, немесе менің керуетімнің үстінгі қабатында ұйықтайтыны». Әкесі Дәнни үшін дүниедегі ең жарқын да жайсаң жан. Ол езуімен емес көзімен күледі. Әкесі мектепке барса да. Мотор шұқылап тұрса да оған үнемі көңіл бөліп тұрады. Дәнни үшін бұдан артық қандай бақыт керек?

Информация для заказа
  • Цена: 4 300 Тг.